Сенім телефондары:337-83-53, 337-83-39, 337-83-46, 337-83-71,  № 121, 405, 405А, 406 кабинеттері

Емделушілерді қолдау қызметі -проблемалық мәселелерді анықтау және одан әрі көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту. Егер Сіз:медициналық көрсетілген көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз; медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекі қылық байқасаңыз; тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық қызметкерлер ақша бопсалау фактілеріне тап болсаңыз ,сондай-ақ қызмет көрсетудiң тәртiбi мен сапасына қатысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз Сіз емделушілерді қолдау қызметіне (ішкі аудит қызметі) хабарласуға құқығыңыз бар. Емханаға кірер кезде"Өтініштер жәшігі"  орналасқан , сол  өтініштер жәшігіне жазбаша өтінішті қалдыру үшін (тегі, аты, әкесінің аты, байланыс деректері-телефон, мекен-жайды көрсету қажет) немесе біздің сайттымызға gp17.kz «Бас дәрігердің блогы» тарауына қалдыруыңызға болады. Емделушілерді қолдау қызметі сіздің жазған өтінішіңізге қысқа мерзімде ,яғни бес күнтізбелік күннен кешіктірмей қарастырады, және сіздің өтінішіңізді қарау нәтижелері бойынша ақпаратты береді. Біз Сіздердің қалдырған өтініш, пікірлеріңіз бен тілектеріңізге ризамыз, олар біздің ұйымның медициналық көрсетілетін көмектің сапасын жақсартуға көмектеседі.

Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының Бірыңғай медициналық Call-орталығы 3000-103 (тәулік бойы және тегін).