БІЗДІҢ РЕСМИ САЙТҚА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ МКК "№17 Қалалық емханасының" ресми сайтына қош келдіңіздер. Сіздер осы сайттан емхана жайлы толық және анық ақпарат алып құрылымдық бөлімшелермен танысып қажетті ақпараттарды таба аласыздар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ

Толық нұсқасы>>>

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" Мемлекеттік бағдарламасы

Толық нұсқасы>>>

Қала халқының денсаулығын сақтау және жақсарту , денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

Толық нұсқасы>>>

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер мыналар болып табылады: Мемлекеттік Туу, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран.

Толық нұсқасы>>>

Емделушілерді қолдау қызметі -проблемалық мәселелерді анықтау және одан әрі көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту

Толық нұсқасы>>>

2016 жылы 1 наурыздан бастап халыққа қызмет көрсету сапасын жоғарылату мақсатыныда тіркеу бөлімінде біріңғай көпарналы телефон – 3910291 жұмыс істейді.

 2019 объявление

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ҚОНАҚТАР!

Сіздерді ағымдағы жылдың 14 маусым айында «Atakent Mall» ойын-сауық орталығында өтетін «БІЗ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТАҢДАЙМЫЗ!/НАШ ВЫБОР – ЗДОРОВЬЕ!/HEALTH IS OUR CHOICE!» мәдени-сауықтыру акциясына қатысуға шақырамыз.

Сауда орталығының дәл ортасында сіздерге білікті жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевтер, педиатрлар кеңес береді. Сонымен қатар, артериалды қысымды, бойды, салмақты, қан құрамындағы қант пен холестеринді өлшеу сияқты диагностикалық процедураларды ТЕГІН өте аласыздар. Флюорография өтемін деушілерге, жылжымалы флюромашинасы қызмет көрсетеді.

Жедел жәрдем қызметінің нұсқаушылары адам өміріне қауіпті жағдайларда алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша мастер-класс көрсетуге дайын.

Іс-шара бағдарламасында фитнес-жаттықтырушы спортпен шұғылдану бойынша кеңестерімен бөлісіп, шынықтыру өткізеді.

Бізбен бірге Сіздердің демалыс күндеріңіз қызықты өтеді! Сіздердің назарларыңызға концерттік бағдарлама, әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбына арналған викторина, жүлделер және лотереялар ойнатылады.

Акция салауатты өмір салтын дәріптеу, азаматтарды өз денсаулығын дұрыс басқаруға дағдылау және міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпараттандыруды жоғарылату мақсатында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесе отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру коммуникациялары бойынша жобалау кеңсесімен ұйымдастырылады.

Сіздер бізді қолдауға дайынсыздар ма? Ендеше, отбасыларыңызбен, достарыңызбен келіп, «БІЗ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТАҢДАЙМЫЗ!/НАШ ВЫБОР – ЗДОРОВЬЕ!/HEALTH IS OUR CHOICE!» мәдени-сауықтыру акциямызға қатысыңыз!

Акция өтетін күні: 14.06.2019 жыл, сағат 10.00-ден 13.00 дейін.

Өтетін жері: «Atakent Mall» ойын-сауық орталығы

   

ГАЛЕРЕЯ

 

БЕЙНЕРОЛИК

 

ЖДТ ҰЙЫМДАСТЫРУ РОЛИК

 

№17 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА